Аққулы аудандық ауруханасына көшпелі отырыс
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ерте жастағы балаларда психофизикалық бұзылулардың скринингін ұйымдастыру қағидаларын бекіту бойынша (ҚР ДСМ 09.09.2010 жылғы №704 бұйрығы) ОПМПК мамандары Аққулы аудандық ауруханасына көшпелі отырыс өткізді.
Мектепке дейінгі ерте жастағы балаларға уақытылы көмек көрсету, баланың дамуындағы бұзушылықтарды еңсеру және оны жалпы білім беретін мектепте оқуға дайындау, сондай – ақ уақытында көрсетілген түзету-педагогикалық көмек көрсету бойынша көшпелі отырыстың мақсаты мектеп жасына қарай ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың санын қысқартуға мүмкіндік береді.