Сапарға шығу отырысы

2021 ж. 15-16 сәуір аралығында «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ денсаулық сақтау және блім беру ұйымдарының қолдаухаттарына сай Ақтоғай ауданында сапарға шығу отырысын өткізді, 24 бала тексеруден өтті, оның ішінде мектепке дейінгі жастағылар – 14, мектеп жасындағылар – 10. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша ұстаздар мен ата-аналарға ұсыныстар берілді. А.Қ. Адамова Ақтоғай аудандық ауруханасының әкімшілігімен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 ж. 09 қыркүйектегі №704 «Скрининг ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дамуында мәселелері бар балаларды ерте анықтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа