Обл.ПМПК мамандары біліктілікті арттыру курсында

Педагогикалық қызметкерлердің басты міндеті – өзінің кәсіби біліктілігін арттыру.  «Практикалық дефектологтар қауымдастығы» дербес коммерциялық емес бірлестігі (Ресей) «Co-Make» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ қолдауымен «Дефектологиялық бейін мамандарының жұмысындағы психологиялық-педагогикалық диагностика әдістемелері» интенсив-курсын өткізді. Аталған курсқа ОПМПК педагог-психологы Сыздыкова А.Б. және мұғалім-логопед Жунусова А.Ж. қатысты.

Курс барысында мамандар әртүрлі жастағы балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасының өзекті әдістерін қолданудың тиімді әдістерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Курс ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз.


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа