КММ 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны
2022 жылғы қыркүйек, қазан айларында «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ-нде 258 дамуында мәселелері бар балалар, оның ішінде білім беру бөлімдері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қолдаухаттарына сәйкес 133 бала тексеруден өтті және оларға кеңес берілді. Жалпы тексерілген балалардың ішінде 21 – ерте жастағы, 129 – мекетепке дейінгі, 108 – мектеп жасындағы балалар.
Келесі оқу бағдарламалары ұсынылды:
жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша – 95,
ПДТ балаларға арналған бағдарлама – 126,
зияты бұзылған балаларға арналған оқу бағдарламасы бойынша – 32,
арнайы түзету жеке даму бағдарламасы бойынша -5.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, бейімделген оқу бағдарламаларын дайындау бойынша педагогтарға, сонымен қоса ата-аналарға денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру мен емделу бойынша кеңес берілді. «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ-нде ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, консультативтік көмек көрсету, бағалау жұмыстары жалғасуда.