Есту бұзылыстары бар балаларға ерте психологиялық-педагогикалық көмек
Баланың есту қабілетінің төмендеуін қалай білуге болады:
— жаңа туған нәресте қорықпайды;
— кенеттен шыққан қатты дыбыстарға назар аудармайды, дауысты естігенде қатып қалмайды;
— алты айға дейін бала күтпеген қатты дыбыс кезінде көзін ашпайды;
— 4 айлық бала шудың қайдан естілгенін таппайды, басын дыбыс естілген жаққа бұрмайды;
— бір жасқа дейін қарапайым сөздерді сөйлемейді;
— бір жылға дейін нәрестеде жандандыру кешені пайда болады (күлімсірейді), былдырлау пайда болуы мүмкін, бірақ бір жасқа қарай ол басыла бастайды, содан кейін толығымен жоғалады;
— бала жиі қайталап сұрайды, есту үшін дыбыс жаққа (теледидарға, радиоға, ойыншыққа) жақындайды.
Егер Сіз баладан есту бұзылысын байқасаңыз, не істеу керек?
— оториноларинголог-дәрігерге қаралу;
— сурдолог-дәрігерге жүгіну керек.
Есту қабілеті бұзылған балаға медициналық-педагогикалық көмек көрсету кешені:
— есту қабілетінің бұзылуын ерте (2-4 ай) анықтау және диагностикалау;
— есту қабілетінің бұзылуын, жүйке жүйесінің патологиясын және басқа да бұзылуларды емдеу;
— ерте бинуральды (екі жақты) есту аппараттары (2-6 айлық жаста);
— есту қабілетін жүйелі түрде тексеру (6 айда бір рет), өйткені көптеген балалардың есту қабілеті өмірінің алғашқы жылдарында нашарлайды, яғни есту аппараттарын қайта реттеу немесе ауыстыру қажет;
— кохлеарлы имплантация жүргізу, егер бала қатты естімесе немесе керең болса (оңтайлы жас 10-18 ай);
— балада әртүрлі дағдыларды (естігенді қабылдау, сөйлеу, қарым-қатынас және т.б.) дамыту үшін сурдопедагогпен / логопедпен / психологпен сабақтар;
— күнделікті іс-әрекеттер мен бірлескен ойындар кезінде баланың есту қабілетін, қарым-қатынас жасауын, ойлауын, сөйлеуін және т.б. дамыту үшін ата-аналарды психологиялық қолдау және оқыту.
Ерте жстағы баламен сурдопедагогтың жұмыс бағыттары:
— қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
— есту аппаратына /кохлеарлы имплантқа бейімделу;
— сөйлеуді түсіну мен ауызша сөйлеуді дамыту;
— жалпы және ұсақ моториканы дамыту;
— өзіне-өзі қызмет көрсету және әлеуметтік дағдыларды дамыту;
— ата-аналарды психологиялық қолдау және оқыту.