2022 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

2022 жылдың 3-тоқсанында «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ-нде 269 дамуында мәселелері бар балалар, оның ішінде білім беру бөлімдері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қолдаухаттарына сәйкес 212 бала тексеруден өтті және оларға кеңес берілді. Жалпы тексерілген балалардың ішінде 16 – ерте жастағы, 68 – мекетепке дейінгі, 185 – мектеп жасындағы балалар.

Балаларға жалпы білім беретін мектептерде білім беру қызметін алу үшін келесі оқу бағдарламалары ұсынылды: бейімделген жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша – 148, зияты бұзылған балаларға арналған жеке оқу бағдарламасы бойынша – 32, жалпы білім беретін бағдарлама бойынша – 80 бала. Ата-аналардың келісімі бойынша 6 бала арнайы мектепке жіберілді, сонымен қатар 3 балаға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдері жағдайында арнайы түзету жеке даму бағдарламасы берілді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, бейімделген оқу бағдарламаларын дайындау бойынша педагогтарға, сонымен қоса ата-аналарға денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру мен емделу бойынша кеңес берілді. «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ-нде ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, консультативтік көмек көрсету, бағалау жұмыстары жалғасуда.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа