«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды ерте анықтау» облыстық семинары
Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 16 наурызында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды ерте анықтау» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды ерте анықтау мәселелерінде ПМПК-ның білім беру мекемелерімен, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын жетілдіру.
Мекеме басшысы Адамова Алтыншаш Каскырбаевна «Павлодар облысында инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында ОПМПК қызметі» тақырбында баяндама жасады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды ерте анықтауда педагогикалық-психологиялық диагностиканың маңызы және оны жүргізудің әдіс-тәсілдерімен ОПМПК педагог-психологі Сыздыкова Айман Байтьяковна өз тәжірибесімен бөлісті.
ОПМПК психиатр-дәрігері Буранова Саодат Ахатовна денсаулық сақтау ұйымдары мен ОПМПК арасындағы ынтымақтастық туралы баяндама жасады.
Семинар барысында қатысушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау, мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде түзету жұмысын ұйымдастыру, денсаулық сақтау ұйымдарында ерте жастағы балалар скринингі туралы және тағы басқа сұрақтар қойып, барлығына жауаптар берілді.
Облыстық семинар материалдары электрондық—әдістемелік дайджесте орналастырылды және жұмыста пайдалану үшін білім беру ұйымдарына жіберілді.