2021 жылдың 25-26 қазан күндері ерекше білім беру…
2021 жылдың 25-26 қазан күндері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте айқындау және дамуы мен оқуында мәселелері бар балалардың оқу бағдарламасын анықтау мақсатында Ертіс ауданының білім беру бөлімінің @bilim_ertis қолдаухатына сәйкес көшпелі отырыс ұйымдастырылды.
27 бала тексеруден өтті және кеңес берілді.
Балаларға түзету көмегін көрсету, жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық консилиумды өткізу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары бойынша педагогтар мен психологтарға ұсынымдар берілді. Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ұсынымдар мен кеңестер берілді.